ҚУАТ АХМЕТЖАН
1983 жылғы 14 шілдеде Абай облысы, Семей қаласы, Жарма ауданында дүниеге келген.
Білімі:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған. Сонымен қатар Семей педагогикалық институтында бейнелеу және сызу мамандығын меңгерген. Кейін ҚазАТК оқу орнында экономист мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолы:
• Еңбек жолын 2003–2004 жылдары Хабар телеарнасында дубляж актері ретінде бастаған.
• 2004–2005 жылдары Семей қаласындағы ТВК-6 телеарнасында қазақ жаңалықтарының жүргізуші-редакторы қызметін атқарды.
• 2005–2010 жылдары «Қазақстан–Семей» телеарнасында «Қайырлы таң» таңғы бағдарламасының жүргізушісі болды.
• 2010–2011 жылдары «Хабар» телеарнасында «Таразы» бағдарламасын жүргізді.
• 2011–2013 жылдары Алматы қаласындағы «Авторадио Қазақстан» радиосында редактор, әрі жаңалықтар жүргізушісі қызметін атқарды.
• 2011 жылы интерньюс Қазақстан, «Матрица» бағдарламасының жүргізушісі болды.
• 2011–2012 жылдары «Білім» телеарнасы, «Ғажайып туынды» бағдарламаларын жүргізді.
• 2013 жылы Астана қаласында «Хабар» телеарнасының анонстар бөлімінде диктор қызметін атқарды.
• 2013–2015 жылдары «Хабар» телеарнасында күндізгі жаңалықтар дикторы болды.
• 2016–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының қоғамдық көмекшісі қызметін атқарды.
• 2017–2019 жылдары Қазақстан ұлттық арнасы арнасында диктор болды.
• 2020 жылы BASNEWS.kz ақпараттық жаңалықтар агенттігінің басшысы қызметін атқарды.
• 2020–2021 жылдары Астана қаласындағы Достық үйінің баспасөз қызметінің басшысы болды.
