Афиша
«Кемел жігіт-күйеу бала» атты ұлттық зияткерлік курс ұйымдастырылады

Ұлт руханиятын ұлықтаған «ALQA» радиосы өлең мен сөздің патшасы болған кемеңгеріміздің құрметіне «Хәкім Абай» атты мерекелік шығарылымдар ұсынады. «Абайтану тағылымы» аясында абайтанушы ғалым, профессор Тұрсын Жұртбаймен және әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Сондай-ақ «Өлеңмен өрнектелген өмір шындығы»,«Қара сөз – дана сөз», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» айдарларымен Абайдың өлеңдері, әндері, қара сөздері «ALQA» радиосының эфирінен беріледі. Біздің бағдарламаларды www.alqaradio.kz сайтынан тыңдай аласыздар және ALQA radiosy youtube желісінен көре аласыздар.
«ALQA» радиосының 1 жылдығына орай «ALQA» РАДИОСЫНА 1 ЖЫЛ» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтеді. Өтетін күні: 10 маусым, 2025 жыл. Уақыты: 11:00. Орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (Астана қаласы, Достық көшесі, 11). Дөңгелек үстелде «ALQA» радиосында жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспарлары таныстырылады. Сала мамандары және зиялы қауым өкілдері «ALQA» РАДИОСЫ: АҚПАРАТ ПЕН АҒАРТУШЫЛЫҚ» тақырыбында кәсіби көзқарастары мен пікірлерін ортаға салады. БАҚ саласындағы әріптестерімізді ақпараттық қолдау көрсетуге шынайы ықыласпен шақырамыз.