АҚБОТА ҚАНАЙҚЫЗЫ
«ALQA» радиосы PR бөлімінің жетекшісі
1986 жылы 24 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.
2003-2007 жылдар аралығында әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде білім алған.
Еңбек жолын 2008 жылы «Кітап» баспасынан бастаған.
2009-2010 жылдары «Жас ұлан» киностудиясында режиссердің ассистенті;
2010-2012 жылдар аралығында Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде баспасөз хатшы;
2013 жылы «ALI PRODUCTION» компаниясында редактор;
Астана қаласының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық «Аялаған Астана» музыкалық, телевизиялық балалар байқауында редактор болған.
2014-2018 жылдар аралығында «Шалқар» ұлттық радиосында редактор-жүргізуші;
«Сазды сәлем», «Жәйдарман» құттықтау бағдарламаларын, «Таңжарық» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасын, сонымен қатар «Өнегелі отбасы» бағдарламасын жүргізген.
2018 жылы «Орда FM» радиосында жүргізуші;
2019-2020 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ Диджитал департаментінде редактор;
2020-2024 жылдар аралығында түрлі компанияларда SMM маманы;
Атап айтсақ, «Хабар» телеарнасының, «Жастар» театрының, «Zerdeli» оқу орталығының, «Отбасы мектебі» орталығының, т.б. әлеуметтік желілердегі парақшаларын жүргізген.
2024 жылдың мамыр айынан бастап «ALQA» радиосының PR бөлімінің жетекшісі қызметін атқарып жатыр.