САУЫҚ ЖАҚАНОВА
«ALQA» радиосының дикторы
1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Еркіндік ауылында туған.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966), филолог. Доцент. «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы.
1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері.
2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985)
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995)
Қазақстанның еңбек сіңірген қайтаркері (2021)