ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН - АДАЛ АЗАМАТ
Диктор: Қуат Ахметжан
Эфирде: Сенбі, 10:00
Ұсынылып отырған кітапта жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшіге тән басты ұстанымдар мен негізгі қағидалар жайлы жазылған. Оларды ұстану мемлекеттік қызметшілердің саналы жаңғыруына, олардың бойында жаңа мәдениет пен жаңа құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Ұсынымдар мемлекеттік басқарудың адамға бағдарланған моделіне және Әділетті Қазақстан қағидаттарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жағымды бейнесін қалыптастыруды көздейді.
Бұл монография мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік қызметке кіруге ниетті үміткерлерге, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына, болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстыратын жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған.
1. Кіріспе
2. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру
3. Жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар
4. "Адал азамат" - мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысы
5. Жауапкершілік және патриотизм
6. Ұлттық мүдде - мемлекеттік сана
7. Әділдік - баршаға ортақ игілік
8. Ашықтық: түрлі пікір - ортақ шешім
9. Антқа адалдық - пайдадан ар қымбат
