Radio Azan
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біз туралы
  • Біздің ұжым
  • Құпиялылық саясаты
  • Біздің өнімдер
  • Біздің өнімдер
  • Бағдарламалар
  • «ALQA» радиосы дыбыстаған еңбектер
  • БАҚ біз туралы
  • Афиша
  • facebook
  • inst
  • telegram
  • tiktok
  • whatsapp
  • youtube
kzen
Radio Azan
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біз туралы
  • Біздің ұжым
  • Құпиялылық саясаты
  • Біздің өнімдер
  • Біздің өнімдер
  • Бағдарламалар
  • «ALQA» радиосы дыбыстаған еңбектер
  • БАҚ біз туралы
  • Афиша
  • facebook
  • inst
  • telegram
  • tiktok
  • whatsapp
  • youtube

Астанада Халық әртісі Қайрат Байбосыновқа арналған музыкалық кеш өтті

_gluster_2025_9_26_94f8bec66e5f73c4c0f8786ace9b700b_1280x720.jpeg

Биыл 26 қыркүйекте Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында дәстүрлі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосыновтың 75 жас мерейтойына арналған музыкалық кеш өтті.


Концерттік бағдарламада әншінің репертуарындағы халық әндері мен төл туындылары шырқалды. Көрерменге оның ұлттық өнерге қосқан баға жетпес еңбегі мен өнегелі жолы насихатталды.


Әншінің шығармашылығы қазақ музыкасының тарихындағы тұтас дәуірді қамтиды. Ол ұмыт болған, сирек орындалатын халық әндерін қайта тірілтіп, тыңдарман жүрегіне жеткізе білді. Сонымен қатар қазақ өнерінің абыройын алыс-жақын шет елдерде де асқақтатты. Атап айтқанда, АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Бирма, Сингапур сынды мемлекеттерде өткен концерттік сапарларында ұлттық ән өнерін таныстырып, шетелдік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


Іс-шарада мерейтой иесінің замандастары, Қырғызстан, Қазақстан Халық әртістері, Мәдениет қайраткерлері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары өнер көрсетті.



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі