Мәдениет және ақпарат министрлігі масс-медиа туралы заңнама ережелерін түсіндіру бойынша оқыту семинарларын бастады
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған алғашқы оқыту семинары өтті. Бұл шара мемлекеттік органдар өкілдеріне арналған оқыту бағдарламасы аясындағы іс-шаралар сериясының бастамасы болды.
Іс-шараның басты мақсаты – заңнама нормаларын қолданудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру және қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Семинар барысында Министрлік қызметкерлері масс-медиа туралы заңнаманың негізгі ережелеріне жан-жақты талдау жасап, егжей-тегжейлі түсініктемелер берді. Бұл қатысушыларға қолданыстағы түсініспеушіліктерді жоюға және кәсіби қызметте заңды нақты әрі дұрыс пайдалануға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылғы 22 қарашада сағат 15:00-де «БАҚ және журналистердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбы бойынша оқыту семинарын өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты, масс-медиа өкілдерін семинарға қатысуға шақырамыз (тиісті zoom-сілтеме алу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласу қажет: 8 (7172) 741268, 8 (7172) 741265).
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885477