Астанада Республика күніне орай Jastar X пікірталас алаңы өтті

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен бірге «Қазақстан бейнесі: жастар көзқарасы» тақырыбында Jastar X пікірталас алаңын өткізді.
Іс-шараға IT саласының, бизнес, цифрлық медианың өкілдері және сарапшылар қатысты. Жиында қазіргі Қазақстанның бейнесін қалыптастырудағы жастардың рөлі, ұлттық бірегейлікті дамытудың маңызы, цифрлық технологиялардың ықпалы және құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды.
Пікірталас барысында елдің тұрақты дамуы үшін білімге ұмтылудың, технологиялық жаңашылдықтың, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің және ел болашағына жауапкершілікпен қараудың маңызы аталып өтті.
Іс-шара аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық байқауына қатысқан жұмыстар көрмесі де ұйымдастырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
