ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ – «ALQA» РАДИОСЫНДА

IMG_9456.JPG

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы Байкен Дін істері жөніндегі басқармаға қарасты Діндерді зерттеу орталығының және «ALQA» радиосының жұмысымен танысты. Әкім орынбасарын Басқарма басшысы Қайролла Көшқали, Орталық директоры Алмас Ерназаров және басқа да қызметкерлер күтіп алып, мекеменің құрылымдық жүйесін көрсетті. Есет Берікұлы әр бөлімнің қызметкерлерімен жеке-жеке кеңес құрып, нақты тапсырмалар берді.

Қала әкімінің орынбасары «ALQA» радиосының эфирлік студиясында да болып, шығармашыл ұжыммен кездесті. Ұжым қызметкерлерін және жұмыс жүйесін Радионың Бас редакторы Серік Сейітман таныстырды. Қадірлі қонақ «ALQA» радиосының Тілек кітабына өз қолтаңбасын қалдырып, Әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты. «Бас Алқа» бағдарламасына сұхбат беріп, Астана қаласының рухани-әлеуметтік бағыттарындағы жұмыстар жайлы баяндады.


Сұхбаттың толық нұсқасы алдағы уақытта «ALQA» радиосының эфирінен беріліп, Youtube арнасына жүктелетін болады.