Radio Azan
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біз туралы
  • Біздің ұжым
  • Құпиялылық саясаты
  • Біздің өнімдер
  • Біздің өнімдер
  • Бағдарламалар
  • «ALQA» радиосы дыбыстаған еңбектер
  • БАҚ біз туралы
  • Афиша
  • facebook
  • inst
  • telegram
  • tiktok
  • whatsapp
  • youtube
kzen
Radio Azan
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біз туралы
  • Біздің ұжым
  • Құпиялылық саясаты
  • Біздің өнімдер
  • Біздің өнімдер
  • Бағдарламалар
  • «ALQA» радиосы дыбыстаған еңбектер
  • БАҚ біз туралы
  • Афиша
  • facebook
  • inst
  • telegram
  • tiktok
  • whatsapp
  • youtube

Астанада дін қызметкерлерінің жасанды интеллект құралдарын меңгеруі үшін арнайы семинар өтті

_gluster_2025_11_12_d4f8cab9eba31e3dfab9cd95b732664f_1280x720.jpeg

Астанада дін қызметкерлеріне арналған «Этика, иман және жасанды интеллект: цифрлық қоғамдағы діни қызметкерлердің рөлі» тақырыбында семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Іс-шараны Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры ұйымдастырды.


«Бұл іс-шара имамдар мен дін саласында оңалту жұмыстарымен айналысатын теологтарға арналған. Бүгінгі таңда олар ЖИ құралдарын меңгергені дұрыс. Семинар барысында медиа саласында ЖИ пайдалану, ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтауды үйрену, сондай-ақ ЖИ пайдаланудың этикалық қағидаттары мәселесі көтеріледі», – деді Астана қаласы «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қорының теологы Дастан Сақан.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, 30-дан астам дін саласының мамандары цифрлық және этикалық құзыреттілігін арттырады, діни қызмет пен ағартушылық жұмыста тиімді қолдануды меңгереді.


Семинарға Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Сұлтанбейбарс Басир, «Qalamedutech» жобасының негізін қалаушы, жасанды интеллектті қолдану бойынша жаттықтырушы Аида Әбіләкімова және т.б қатысты.


Айта кетейік, семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.


https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1103825