Radio Azan
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біз туралы
  • Біздің ұжым
  • Құпиялылық саясаты
  • Біздің өнімдер
  • Біздің өнімдер
  • Бағдарламалар
  • «ALQA» радиосы дыбыстаған еңбектер
  • БАҚ біз туралы
  • Афиша
  • facebook
  • inst
  • telegram
  • tiktok
  • whatsapp
  • youtube
kzen
Radio Azan
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біз туралы
  • Біздің ұжым
  • Құпиялылық саясаты
  • Біздің өнімдер
  • Біздің өнімдер
  • Бағдарламалар
  • «ALQA» радиосы дыбыстаған еңбектер
  • БАҚ біз туралы
  • Афиша
  • facebook
  • inst
  • telegram
  • tiktok
  • whatsapp
  • youtube

Астанада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

_gluster_2025_11_20_e34f2710953933de22dabd8fbbdfa3a8_1280x720.jpg

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелде әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасы, оның Шығыс Ренессансындағы рөлі, еңбектерінің маңызы және идеяларының қазіргі ғылыммен сабақтастығы туралы айтылды. Сондай-ақ орталықтың сарапшылары мен ғалымдар «Қайырымды қала тұрғындары» трактатының философиялық мәні және ойшылдың өркениет тарихындағы рөлі туралы баяндамалар жасады.


Дөңгелек үстел аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында сақталған әл-Фараби және басқа да ортағасырлық ғұламалардың еңбектеріне арналған тақырыптық көрме ұсынылды. Көрмедегі құнды мұралар қатарында әл-Фарабидің саясат пен әлеуметтануға қатысты философиялық ойлары жазылған «Саяси күнделік» және «Музыкалық салаға кіріспе» атты екі қолжазбасы болды.



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі