"Бір шаңырақ астында": Астанада достық және бірлік фестивалі өтті

_gluster_2025_10_23_cf037897772fa7939033cc878f080384_1280x720.jpeg

Республика күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай елордалық Достық үйінде “Бір шаңырақ астында" тақыбында “Дәстүр мен бірлік" мерекелік фестивалі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Фестивальдің мақсаты - қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ елдің мәдени және этникалық алуан түрлілігін көрсету.


Оған елордалық ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері, қонақтар мен елорда тұрғындары қатысты.


"Біз бүкіл Қазақстан халқын еліміздің мерекелік күнтізбесіндегі аса маңызды күн – алдағы Республика күнімен құттықтаймыз.


Бүгін мереке қарсаңында біз Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы баршамызды ұлттық құндылықтар мен ел этностарының мәдени байлығы аясында біріктіретін фестиваль өткіземіз.


Мұнда қазақ, орыс, украин, дүнген, корей және басқа да тілдерде ортақ Отанымызды, бірлігімізді, достығымызды, өзара құрмет пен қолдауды дәріптейтін әндер шырқалады.


Сонымен қатар осы фестиваль аясында ұлттық костюмнің бірегей үлгілерін көрсету ұрпақтар сабақтастығының және ортақ мәдени мұраның сақталуының көрінісі болып отыр", - деп атап өтті "ТАҢ" татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасының орынбасары Сергей Садықов.


Фестиваль қонақтарына мерекелік бағдарлама ұсынылды.


Елорданың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары мен әртістері Қазақстанның этникалық алуан түрлілігін бейнелейтін патриоттық әндер мен шығармаларды орындады.


Фестивальдің айрықша сәті қазақстандық индустриядағы ең жарқын брендтердің бірі - Zeken Moda ұлттық киімдері "Бір шаңырақ астында" эксклюзивті топтамасының көрсетілімі болды.


Фестиваль барысында жиналғандардың назарына ұлттық бірегейлікті заманауи формада көрсететін балалар, жасөспірімдер және ересектер коллекцияларының дефилесі ұсынылды.


Фестиваль мәдениетаралық диалог алаңына, Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделінің үздік дәстүрлерін көрсететін достық, бірлік пен келісімнің символына айналды.


https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1091733