Radio Azan
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біз туралы
  • Біздің ұжым
  • Құпиялылық саясаты
  • Біздің өнімдер
  • Біздің өнімдер
  • Бағдарламалар
  • «ALQA» радиосы дыбыстаған еңбектер
  • БАҚ біз туралы
  • Афиша
  • facebook
  • inst
  • telegram
  • tiktok
  • whatsapp
  • youtube
kzen
Radio Azan
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біз туралы
  • Біздің ұжым
  • Құпиялылық саясаты
  • Біздің өнімдер
  • Біздің өнімдер
  • Бағдарламалар
  • «ALQA» радиосы дыбыстаған еңбектер
  • БАҚ біз туралы
  • Афиша
  • facebook
  • inst
  • telegram
  • tiktok
  • whatsapp
  • youtube

Астанада жүздеген ұстаз Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әнін шырқады

_gluster_2025_8_19_c92c3893f422b9234ca15a71230181a5_1280x720.jpeg

Астанада Тамыз конференциясы аясында ұстаздардың дәстүрлі форумында жүздеген ұстаз Абай Құнанбайұлының әйгілі «Желсіз түнде жарық-ай» әнін шырқады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


400 педагог Тамыз конференциясы аясындағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Педагогтердің кәсіби дамуы: болашаққа бағдар» панельдік сессиясын Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әнін орындап ашты. Ақынның бұл әні домбырамен бірге шырқалды.


Іс-шараны №87 Абай атындағы мектеп-гимназия ұйымдастырды. Сол сияқты жиында Абайдың әндері, өлеңдері мен қара сөздері орындалды.


Айта кетейік, биыл елімізде қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы кең көлемде атап өтіліп жатыр.