«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Серік Сейітман оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы өтеді

IMG_5191 (1).JPEG

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде, Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «СЕРІК СЕЙІТМАН ОҚУЛАРЫ» атты көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы өтеді.


Шарты:

Отырар ауданының перзенті, «Алқа» радиосының негізін қалаушы және Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Сейітманның шығармаларын жаттау, мәнерлеп оқу, сахналық қойылымдар қою және ақынның сөзіне жазылған әндерді сахнада шебер орындау. Байқау оқушылар арасында өтеді.

Мақсаты:

Жас ұрпақты отансүйгіштікке, туған жерін қадірлеуге, туған ауылдың талантты тұлғалары мен ұлағатты ұстаздарды құрмет тұтуға тәрбиелеу; оқушылардың бойына патриотизм, ізгілік, адамгершілік сезімдерін дарыту.


Идея авторы және бас демеуші – «Көкмардан» мектебінің 1973 жылғы түлектері. Байқау түлектердің 35 жылдық кездесуі шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Іс-шараны ҚР Білім беру ісінің үздігі Жұмакүл НӘЛІБАЕВА жүргізеді.


Құрметті қонақтар:

1. Серік СЕЙІТМАН – «Алқа» радиосының негізін қалаушы және Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын (Астана);

2. Бекдайыр НЫҒМЕТҰЛЫ – «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары – Астана филиалының директоры (Астана);


БАҒДАРЛАМА:


1. «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ІС»

(Мектеп мұғалімдері мен ата-аналарға арналған дәріс).

Күні: 16 мамыр, 2025 жыл.

Уақыты: 11:00.

Орны: А.Дәрібаев орта мектебі (Отырар ауданы, Шытты ауылы).


2. «СЕРІК СЕЙІТМАН ОҚУЛАРЫ»

(Көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы).

Күні: 16 мамыр, 2025 жыл.

Уақыты: 15:00.

Орны: «Көкмардан» орта мектебі (Отырар ауданы, Көкмардан ауылы).